Ертең, 17 сәуірде Алматыда ауа райы бұзылып, қатты жел тұруы мүмкін. Оған қоса жауын жауып, тас құлау қаупі артады және таулы аудандарда қар көшкіні болуы ықтимал. Бұл туралы қалалық ТЖД ескертті, деп хабарлайды astana24.com.
Ведомство хабарлауынша, Алматы ертең жауын-шашынды болады. Сондай-ақ найзағай ойнап, қатты жел соғады. Осыған байланысты Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында топырақ көшкіні және қар көшкіні, сонымен бірге тас құлау қаупі бар.
"Топырақтың қатты ылғалдануы және шамадан тыс сулануы, желдің күрт күшеюі мен ауа температурасының ауытқуы тау беткейлеріндегі тау жыныстарының құлауына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
Қалалық ТЖД өкілдері тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы метеожағдай орнағанға дейін, сондай-ақ жауын-шашын саябырсығаннан соң тағы 2-3 күн таулы аймақтарға барудан бас тарту қажеттігін қатаң түрде ескертті.
