in

16 градусқа дейін жылы: бүгін ел мегаполистерінде күн райы қандай болады

Синоптиктер 19 қазанда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.

Астанада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріліп, түнде +0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,9 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы +22 градусқа дейін көтеріліп, түнде +9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 2,7 м/с.