Air Astana әуекомпаниясы Санья – Астана рейсінің кешіккеніне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды astana24.com.
"4 қарашаға жоспарланған Санья-Астана бағыты бойынша KC584 чартерлік рейсі техникалық ақауға (жасыл гидравликалық жүйедегі төмен қысым) байланысты 5 қарашаға ауыстырылды. Ақау шыққан бөлшек ауыстырылды. Жолаушыларға трансфер, тамақ және қонақ үй ұсынылды", – делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, әуе кемесі Санья әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 5 қарашада 10.07-де ұшып кетті және Астанаға 14.45-те келеді деп күтілуде, Жалпы кешігу уақыты 27 сағат болды.
Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
