Алматы әуежайы жолаушыларға Майлин көшесіндегі жөндеу жұмыстары туралы ескертті, деп хабарлайды әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.
Алматы әуежайының баспасаөз қызметінің мәліметінше, 21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін Майлин көшесінің батыс жағында, №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"Көшенің қарама-қарсы жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеріп, әуежайға барар бағытыңыз бен жолға кететін уақытты алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Бұл ықтимал кідірістердің алдын алуға көмектеседі", – делінген хабарламада.
