in

Астана – Қарағанды тасжолындағы учаскеде 12 тамызға дейін қозғалыс шектеледі

Астана – Қарағанды тасжолындағы учаскеде 29 шілде мен 12 тамыз аралығында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Әкімдіктің мәліметінше, Астана – Қарағанды тасжолының Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 29 шілде және 12 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл ретте автокөліктердің қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады", – делінген хабарламада.