in

БҚО-да шенеуніктердің қызметтік автокөлігіне арнайы белгі жабыстырылатын болды

БҚО-да шенеуніктердің қызметтік автокөліктеріне арнайы белгі жабыстырылады, деп хабарлайды astana24.com "Мой город-қа" сілтеме жасап.

Бөрлі ауданында өткен кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов барлық мемлекеттік орган көліктері үшін міндетті арнайы жапсырма дизайнын ұсынды.

Бұл белгілер арқылы кез келген адам көліктің мемлекетке тиесілі екенін бірден біле алады.

Осылайша жеке сапарлардан бөлек шенеуніктердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы да қатаң бақылауға алынады.

Басылым тілшісі мемлекеттік органдардың автокөлік паркін күтіп ұстау салық төлеушілердің есебінен жүргізілетінін, сондықтан мемлекеттік мүлікті пайдалану мүмкіндігінше ашық болуы керек екенін атап өткен. Ал қызметтік тәртіпті бұзған лауазымды тұлғалар қатаң жазаға тартылады.