in

Кей өңірлерде телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

"Көк-төбе" радиотелевизиялық станциясындағы жоспардан тыс монтаждау жұмыстарына байланысты Алматы қаласы мен Алматы облысында телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадиоға" сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

"Қазтелерадио" АҚ Алматы қаласының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аудандарының тұрғындары мен қонақтарын "Көк-Төбе" радиотелевизиялық станциясында жоспарлы-профилактикалық және жоспардан тыс монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы хабардар етеді.

Телерадио хабарларын тарату инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде "Көк-Төбе" телемұнарасында 275-282 метр биіктікте заманауи FM-диапазонды антенна жүйесін монтаждау жұмыстары орындалады.

Бұл техникалық іс-шаралар радиохабарлардың сапасын, тұрақтылығы мен сенімділігін арттыруға бағытталған", – делінген хабарламада.

Теле және радио хабарларын тарату сервистерін таратуды уақытша тоқтата тұру мынадай кесте бойынша жүзеге асырылады:

"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және көрермендер мен радио тыңдаушыларға түсіністік үшін алғыс білдіреді", – делінген хабарламада.