Белгілі жазушы, ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Алматыда жерленеді. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы мәлім етті, деп хабарлайды astana24.com.
Қазақстан Жазушылар одағы баспасөз қызметінің өкілдері Instagram-дағы парақшасында Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі 21 сәуірде сағат 9:00-де Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтетінін мәлім етті.
Жерлеу рәсімі сағат 11:30-да. Ақын Кеңсай-2 зиратында жер қойнына тапсырылады.
