Ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптары сақталмаған 200 тоннадан астам азықтық астық — бидай мен арпа жеткізілгені анықталған.
Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталған.
Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылған.
Ал өнім иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданған.
