Техас штатында Apache әскери тікұшағы апатқа ұшырап, өртенді. Екі ұшқыш қаза тапты. Өртке байланысты аудан тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған astana24.com.
AH-64 Apache әскери тікұшағы Саладо қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 13:35 шамасында құлады. Тікұшақ Форт-Худ әскери базасына тиесілі болған. Борттағы екі әскери қызметкер де қаза тапты.
Тікұшақ құлағаннан кейін ірі өрт басталды.
Өртке байланысты ауданда эвакуация жарияланды. Оқиға орнында құтқарушылар, әскерилер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді.
Айта кетейік, AH-64 Apache – екі адамнан тұратын экипажы бар соққы беруші тікұшақ. Ол 1984 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Содан бері бұл модель бірнеше рет жаңартылған.
