in

Трамп Түркиядағы НАТО саммитінен кейін қастандық жасалатынынан қауіптеніп, ұшақты ауыстырған

Қастандық жасалатынынан қауіптенген Құпия қызмет АҚШ президентінің іссапар кезіндегі ұшағын ауыстырды. Қауесетке айналған құпияның бетін Ақ үй басшысының өзі ашты, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Түркия астанасы Анкарада бір ай бұрын өткен НАТО саммитінен кейін Трампқа қастандық жасалады деген күдік туды. Бірақ АҚШ Құпия қызметі, яғни Трамптың жеке күзеті ұшақ ауыстырып үлгеріп, президентті уақытынан бұрын эвакуациялаған.

Кейбір бейресми мәліметтер бойынша, бұл жайттың артында Иран тұрған болуы мүмкін. Көптен бері батыс басылымдарының көкейінде жүрген сұраққа Трамптың өзі жауап берді.

"Мен бастапқыда бұл туралы білмедім. Бірақ барлығы мәлім болғанда да қалғым келген. Себебі басқа да жұмыстарым, әріптестермен кездесуім жоспарланған. Алайда Құпия қызметке бағынуға тиіспін. Әлбетте Иранға сенуге болмайды. Олардың дәл осындай қастыққа баруы мені таң қалдыра қоймады", – дейді Дональд Трамп.

Автор: Еркелді Тілеуқұл