Туристер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде қар барысын кездестірді, деп хабарлайды astana24.com Экология министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, сирек жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ол ерекше сәтті бейнекамераға түсірген.
"Қар барысы – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауындағы сирек жануар. Оның табиғи мекен ету ортасында кездесуі таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды белгі", – дейді министрлік өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (@qazaqormany)
