Колумбияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 265 адамға жетті. Бұл туралы ел президенті Абелардо де ла Эсприэлья мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com РИА Новостиге сілтеме жасап.
РИА Новости колумбиялық Caracol телеарнасынан берілген ел президенті Абелардо де ла Эсприэльяның мәлімдемесін жариялады. Оның айтуынша, жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны кемінде 265 адамға жеткен.
"25 872 отбасы зардап шекті, бұл 53 816 адам. Өкінішке қарай, 265 адам қаза тауып, 3494 адам жараланды. Хабар-ошарсыз кеткендер саны 496-ға дейін өсіп, алаңдаушылық тудырып отыр. Біздің негізгі күш-жігеріміз із-түссіз жоғалғандарды табуға бағытталған", – деді ол.
Еске сала кетейік, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Сол күні кешке 30 адамның қаза тапқаны туралы хабарланды.
Ал 12 тамызда елде апат режимі жарияланды.
