PageSix басылымының хабарлауынша, ата-аналардың бірі Меган Марклдың байланыс деректерін британиялық БАҚ-қа жариялап жібергеннен кейін Сассекс герцогинясына құпиялылық тұрғысынан қауіп төнді, деп жазды astana24.com.
Меган Марклдың жеке ұялы телефон нөмірінің таралуы Сассекс герцогы мен герцогинясының қауіпсіздік қызметін алаңдатты. Page Six басылымы The Sun газетіне сілтеме жасай отырып, бұрынғы актрисаның байланыс деректері WhatsApp мессенджеріндегі мектеп чатына қатысушылардың бірі топ парақшасының скриншотын жасап, оны журналистерге бергеннен кейін көпшілікке жария болғанын жазды.
Сассекс герцогинясы балаларына бола, олардың сыныптастарының ата-аналарымен байланыста болу және мектеп мәселелерін талқылауға қатысу үшін ата-аналар чатына қосылған болатын. Алайда мессенджерді пайдалану үшін нақты ұялы телефон нөмірін тіркеу қажет, ал мұны жауапсыз адам пайдаланып кетті. Салдарынан ханзада Гарридің жұбайының жеке байланыс деректері баспасөзде тарап, оның қауіпсіздігіне қатер төндірді және мамандар тобын шұғыл қорғаныс шараларын қолдануға мәжбүр етті.
Бұл жағдай жеке өмірінің құпиялылығын қорғауға ерекше мән беретін корольдік жұпты қатты алаңдатты. Қауіпсіздік сарапшылары мұндай деңгейдегі танымал тұлғалардың байланыс деректерінің жария болуы спам-шабуылдарға, аккаунттарды бұзу әрекеттеріне және рұқсатсыз бақылауға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Енді Меган Марклға ұялы телефон нөмірін ауыстыруға және бейресми цифрлық қауымдастықтардағы өзара іс-қимыл хаттамаларын қайта қарауға тура келеді.
