in

Нигерияда қайық аударылып, 40-тан астам бала қаза тапты (видео)

Нигерияның Сокото штатындағы Горау қаласында ондаған адам мінген қайық аударылды. Салдарынан кемінде 40 бала көз жұмды, деп хабарлайды astana24.com "Коммерсантқа" сілтеме жасап.

Басылымның әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Сокото штатының Горау қаласында қайық аударылып, 40-тан астам бала қаза тапқан. Куәгерлердің айтуынша, қайық бортында шамамен 70 адам болған.

"Қайықтағылардың көбі – күріш жинауға бара жатқан 10 мен 15 жас аралығындағы балалар. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, судан 40 бала мен 3 ересек адамның денесі табылды. 16 адам құтқарылды. Апат орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда", – делінген хабарламада.

Нигерияда жолаушылар кемелері жиі апатқа ұшырайтыны айтылады. Оған басты себеп – кемелерге шамадан тыс жүк артылуы, техникалық жағдай мен пайдаланылуына бақылаудың жоқтығы және кеме жүргізу ережелерінің бұзылуы.

Осыған ұқсас соңғы ірі апат биыл қаңтарда Йобе штатында болды. Ол кезде кеменің аударылуынан 25 адам қаза тапқан еді.

JUST IN

Video has emerged showing the aftermath of a boat accident in Gorau town, Goronyo Local Government Area of Sokoto State.

According to reports, 30 bodies have so far been recovered, with more than 50 people reportedly involved in the tragic incident.

Search and… https://t.co/cputGk92WP pic.twitter.com/Zs8U1xCd4S— BSN (@Barristerstreet) August 20, 2026