in

Илон Маск қайтадан триллионер атанды

Америкалық кәсіпкер Илон Маск қайтадан триллионер атанды – бұған дейін де оның дәулеті триллион долларға жеткен, деп хабарлайды astana24.com Forbes-қа сілтеме жасап.

Дүйсенбіде, қор нарығы ашылғаннан кейін SpaceX және Tesla компаниялары акцияларының бағамы күрт өскендіктен Илон Маск триллионер мәртебесіне қайта ие болды.

Tesla-ның үшінші тоқсандағы жеткізілім көрсеткіштері сарапшылардың болжамынан асып түсті. Бұл Масктың капиталына серпін берді – жұмада оның дәулеті 61 млрд долларға артты. Дүйсенбі, таңертең Tesla акциялары тағы 30 млрд долларға өсті.

Айта кетейік, планетадағы ең бай адамдар тізімінде екінші орында Джефф Безос тұр. Оның дәулеті 371,5 млрд долларға бағаланған.

Маск – триллионер атанған алғашқы және жалғыз адам.

Айта кетерлігі, оның дәулеті алғаш рет биыл маусымда триллион доллардан асқан еді, алайда 12 күннен кейін Маск бұл мәртебесінен айырылып қалды.