in

"Кім қаласа, қатыса берсін": Жапаров 2027 жылғы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 2027 жылғы қаңтарда өтетін президент сайлауына түсетінін ресми түрде растады, деп хабарлайды 24kg агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Қырғызстан президенті журналист Әли Тоқтақуновқа берген сұхбатында екінші мерзімге сайлауға түсетінін айтты.

"Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысымды жалғастыруға ниеттімін. Сайлауға қатысқысы келетіндер болса, түсе берсін. Ешкімге шектеу қоймаймыз", – деді Садыр Жапаров журналист Әли Тоқтақуновқа берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтетіні белгілі болған еді.