in

Қырғызстан тұрғындары да жаппай жарық сөнгенін айтты

Сағат 15:00-ден бастап Қырғызстан астанасы Бішкектің түрлі аудандарында электр қуаты өшіп, жарық беруде үзілістер болып жатыр, деп хабарлайды astana24.com kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Бішкек тұрғындары сағат 15:00-ден бері электр қуатының сөнгенін, жарықтың жиі өшіп жатқанын айтуда.

Алдымен жарықтың сөнгені туралы Тыныстанов пен Токтоғұл көшелерінің тұрғындары хабарлаған. Артынша Қырғызстан астанасының басқа аудандарында да электр қуатының сөнгені туралы ақпараттар түсе бастады.

Бұған дейін басылым 12 тамызда Бішкектегі Dordoi Plaza-2 сауда-ойын-сауық орталығы электр қуатының апаттық жағдайда сөнуіне байланысты жабылғанын хабарлаған.