Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев шотокан каратэден әлем чемпионы атанды. Турнир Түркияның Стамбұл қаласында өтті, деп хабарлайды astana24.com "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Марат Мұрзиев 45-54 жас аралығы санатында WSF бойынша әлем чемпионатында (Shobu Ippon Kumite Open) бақ сынасты және турнирді жеңіліссіз аяқтады.
Sportdata турнир жүйесі бойынша ол өз турнир кестесіндегі барлық кездесуде сенімді түрде жеңіске жетті.
Бірінші жекпе-жекте шенеунік Англия өкілі Майк Линчті 2:0 есебімен жеңді. Келесі раунд та 2:0 есебімен аяқталды.
Жартылай финалда атыраулық спортшы түркиялық спортшымен кездесіп, тағы да 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Финалда да Кот-д’Ивуар елінің өкіліне қарсы татамиге шығып, айқын артықшылықпен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Чемпионатқа Түркия, Әзербайжан, Ұлыбритания және Африка мемлекеттерінен спортшылар қатысты.
Марат Мұрзиев 2023 жылдың сәуірінен бері Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Марат Мурзиев (@marat_murziyev)
