in

"5 млн теңгеден беріледі": Жеңіс күніне орай қарағандылық ардагерлерге қандай көмек көрсетіледі

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай ардагерлерге материалдық көмек көрсетіледі. Қолдау шаралары өңірдің 2,1 мыңнан астам тұрғынын қамтиды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған astana24.com.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғалымжан Спабековтің айтуынша, бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысы тұрады: олардың бесеуі Қарағандыда, біреуі Осакаровка кентінде.

Биыл майдангерлерге 5 млн теңгеден беріледі.

Тыл еңбеккерлерінің саны – 2029. Олардың әрқайсысына 100 мың теңгеден төленеді.

Сонымен қатар қолдау басқа да санаттағы азаматтарды қамтиды:

Материалдық көмек сәуір-мамыр айларында аударылады. Бұдан бөлек, ардагерлерге шипажай-курорттық ем алуға қолдау қарастырылған – қажетті қаражат жергілікті бюджеттерде көзделген.