Синоптиктер 28-30 сәуір аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады: жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.
Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Жалпы жауын-шашынсыз күн райы солтүстік және орталық, оңтүстік (28-29 сәуірде) және шығыс аймақтарда (29-30 сәуірде) күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі ықтимал.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
