Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжілістегі үкімет сағатында еңбек нарығының қажеттілігі туралы айтты, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
"Бірінші кезеңде (талдаудың – редактордың ескертпесі) негізгі сұраныс төрт құзыреттілік айналасында қалыптасатыны айқындалды: деректер, машиналық оқыту, цифрлық инженерия және киберқауіпсіздік.
Одан бөлек жаңа қабат – салалық білім жасанды интеллектпен біріктірілген гибрид мамандықтар қалыптасып келе жатыр. Бұл екінші кезеңнің алдын ала нәтижелері", – деді министр.
Оның айтуынша, аналитика қазіргі уақытта Қазақстанда түлектердің саны жеткіліксіз сегіз маңызды мамандық кластерін атап көрсетеді: озық өндіріс, цифрлық технологиялар, таза энергетика, қаржылық қызметтер, өмір туралы ғылымдар, қорғаныс, шығармашылық салалар және кәсіби қызметтер.
