in

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеудің нәтижелерін жария етті

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі стендап-комик Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеудің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.

Айта кетсек, бұған дейін желіде Нұрлан Сабуровтың ресейлік жеке әскери компанияның (ЖӘК) жалдамалыларына демеушілік етуге қатысы бар болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын. Ақпанда ҰҚК желіде тараған бұл ақпаратты тексере бастағаны туралы мәлімдеген еді.

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі тергеу аяқталғанын хабарлады.

"Тергеу нәтижесінде ешқандай заңбұзушылық белгілері табылмағанын хабарлаймыз", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік БАҚ-тар танымал қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынғанын жазған еді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Сабуровтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Министрліктің мәліметінше, әзілкештің өзі немесе заңды өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбеген. Ал 7 ақпанда Нұрлан Сабуров Алматыға ұшып келді.