Халық әртісі Роза Рымбаеваға балалары жаңа көліктің кілтін табыс етті. Әнші қуаныштан көзіне жас алды, деп хабарлайды astana24.com.
Әнші Әли Оқапов Instagram желісінде анасы Роза Рымбаеваға тосынсый жасаған сәттен видео жариялады. Видеодан Әліи Оқаповтың Алматыдағы автоорталықтардың біріне келген Роза Рымбаеваға жаңа жол талғамайтын көліктің кілтін табыстап жатқанын көруге болады.
"Бізді сізді шығармашылық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Сахнада – 50 жыл! Сізге тосынсый дайындадық, соны қабыл алсаңыз екен. Жаңа көлікті сыйға тартамыз", – деді Әли Оқапов.
Роза Рымбаева қуаныштан көз жасына ерік берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Али Окапов (@aliokapov)
