Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кітап жазып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instаgram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды astana24.com.
"Бұрынғы күйеуімнің көңілдестері – бұл рилс сендерге және сендер туралы. Менің кітабыма ендіңдер және бәрі өз есімімен аталады. Күзде таныстырылымы болады.
Мен сендерге барып, ұрыс шығармадым (бірақ бұл сендер туралы білмейді деген сөз емес). Себебі бұл мәселені тек күйеуіммен шештім және бұл дұрыс. Бірақ көңілдестер де отбасылы ер адаммен қарым-қатынас құрған кезде өз таңдауын жасайды. Ал бұның салдары біреудің кітабына ену болуы мүмкін", – дейді ол
Сөзінше, кейбір кейіпкерлердің никтерін ауыстырмағанын, бірақ тектерін алып тастаған. Сондай-ақ кітабы сатқындықты басынан кешкендер туралы екенін жеткізді Назым Қаһарман.
