in

39 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады

6 шілдеде Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.

Астанада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,0 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз 39 градусқа дейін ыстық болса, түнде термометр бағанасы 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.