Ақтау жағажайларынан тағы да итбалық өлекселері табылды. Мамандар олардың қырылу себебін анықтау үшін теңіз суынан сынама алған, деп хабарлайды astana24.com.
Жағажайлардан өлі итбалықтардың табылғаны туралы Маңғыстау облысының экология департаменті мәлім етті.
"3 шілде күні Ақтау қаласының жағажайларында итбалық өлекселері табылды. Қазіргі таңда олардың нақты санын анықтау және есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Мән-жайды анықтау үшін департамент қызметкерлері өлекселер табылған аймақтан теңіз суының сынамасын алған.
Экология департаментінің өкілдері сынама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Маңғыстау Облысы Экология Департаменті (@mangystau_ecology_department)
