in

ӘЧ-2026: Англия Мексиканы жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өтті

Футболдан Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды astana24.com.

Матч Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтіп, 3:2 есебімен ағылшындар жеңіске жетті.

Кездесудегі алғашқы голды ойынның 36-минутында жартылай қорғаушы Джуд Беллингем соқты. Ал 38-минутта ол есепті еселеп, дубль авторы атанды.

Үзіліске дейін мексикалықтар сапында шабуылшы Хулиан Киньонес (42-минутта) бір гол соғып, есеп айырмашылығын қысқартты.

Екінші таймда қорғаушы Джаррелл Куанса (54-минутта) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылуына байланысты Англия құрамасы он адаммен ойынды жалғастырды.

Көп ұзамай әйгілі англиялық шабуылшы Харри Кейн (60-минутта) пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

Дегенмен кейін Кейннің өзі өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Мексикалық шабуылшы Рауль Хименес (69-минутта) 11 метрлік айып соққысын дәл орындап, кездесудің нүктесін қойды.

Англия құрамасы енді 1/4 финалда Норвегиямен кездеседі. Бұл матч 12 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де басталады.