Франция құрамасы АҚШ, Канада мен Мексика қабылдап жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды жеңді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.
Екінші кезеңдегі плей-офф матчы АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы "Линкольн Файненшел Филд" стадионында өтті. Алаңда Илгиз Танташев бастаған Өзбекстаннан келген төрешілер тобы болды.
Француздар шабуылшы әрі команда капитаны Килиан Мбаппенің 70-минутта соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ол фол үшін белгіленген пенальтиді сәтті пайдалана алды.
Мбаппе 2026 жылғы әлем чемпионатында жетінші голын соғып, бомбардирлер тізімінде Лионель Мессиге жетуге шақ қалды. Аргентиналық футболшы әлем чемпионаттарында 20 гол соғып, рекорд орнатып отыр. Екінші орында тұрған француз футболшысының еншісінде 19 гол бар.
Мбаппе сонымен қатар әлем чемпионатының плей-офф ойынында голдар саны бойынша өз рекордын жаңартты — 11.
Франция құрамасы бұл турнирдегі бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, ширек финалға шықты, онда олар Мароккомен кездеседі. Бұл матч 10 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталады.
