in

ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып кім тағайындалды

Бүгін Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басқарма төрағасы қызметінен кеткені мәлім болды. "Самұрық-Қазына" баспасөз қызметінің өкілдері оның орнына кім келгенін айтты, деп хабарлайды astana24.com.

"Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Бауыржан Орынбасаров "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

ҚТЖ сайтының мәліметіне сүйенсек, ол 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директор болды.

Бауыржан Орынбасаров еңбек жолын 1994 жылы Батыс Қазақстан темір жолы Қызылорда теміржол станциясында жолдар бойынша кезекші болып бастады. 1997 жылдан бастап ҚТЖ-да әртүрлі лауазымда жұмыс істеп келеді.

Еске сала кетейік, бүгін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы лауазымынан босатылды.