Астана, Алматы мен Шымкентте 17 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, түнде 26 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 45 градусқа дейін жетіп, түнде 28 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 8,9 м/с деңгейінде болмақ.
