in

"Би кейпінде келді": Жапония мен Кореядағы қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс берді

Корея мен Жапониядағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып Құрылтай сайлауында дауыс берді. Бұл туралы СІМ-ге сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.

Қазақстан СІМ Telegram-арнасында хабарлағандай, шетелдегі барлық дауыс беру учаскесі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Дауыс беру мүмкіндігіне алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар ие болады.

Сеулде #422 және Токиода #425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

Сеулдегі сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова өз таңдауын жасады.

"Мен Кореяда үш жылдан бері тұрып, қазіргі уақытта Корея университетінде білім алып жүрмін. Қазақстан азаматы ретінде еліміздің болашағына қатысты маңызды қоғамдық-саяси үдерістерден тыс қалмауға және өз үлесімді қосуға тырысамын", – деді Ажар Каримжанова.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу — әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілігі мен парызы.

"Біздің таңдауымыз еліміздің болашағына тікелей әсер етеді. Бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі Қазақстанның даму бағытын айқындайды. Сондықтан жастардың өз пікірін білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуы өте маңызды", – деп атап өтті ол.

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді, ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы — Би кейпінде келді.

Цукуба университетінде "Мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды.

Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

"Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс — қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады", – деп атап өтті ол.

Артынша Малайзиядағы #423 сайлау учаскесі, Сингапурдағы №449 сайлау учаскесі, Индонезиядағы №464 сайлау учаскесі, Вьетнамдағы №476 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады.