in

Құрылтай сайлауы: сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші қандай

Орталық сайлау комиссиясының сағат 20:00-дегі жағдай бойынша алдын ала мәліметіне сай, Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 74,19 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды astana24.com.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегіне сәйкес, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 74,19 пайызы дауыс берді. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 92,16 пайыз. Ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында байқалды, онда сайлаушылардың 43,23 пайызы дауыс берген.

Астана қаласы бойынша – 51,67 %

Абай облысы бойынша – 81,41%

Ақмола облысы бойынша – 82,6 %

Ақтөбе облысы бойынша – 88,30%

Алматы облысы бойынша – 71,17%

Атырау облысы бойынша – 70,74%

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38%

Жамбыл облысы бойынша – 85,18

Жетісу облысы бойынша –  91,19%

Қарағанды облысы бойынша – 76,28%

Қостанай облысы бойынша – 76,47%

Қызылорда облысы бойынша – 90,75%

Маңғыстау облысы бойынша – 71,38%

Павлодар облысы бойынша – 71,20% 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31%

Түркістан облысы бойынша – 92,16%

Ұлытау облысы бойынша – 70,72%

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50% 

Алматы қаласы бойынша – 43,23% 

Шымкент қаласы бойынша – 75,42%.

"Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19 пайызын құрады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланады", – делінген ОСК хабарламасында.