Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн-нан астам сайлаушы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов айтты.
Оның мәліметінше, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 18:00–дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынадай:
1. Астана қаласы бойынша — 49,87%. 2. Абай облысы бойынша — 77,54%. 3. Ақмола облысы бойынша — 78,95%. 4. Ақтөбе облысы бойынша — 84,95%. 5. Алматы облысы бойынша — 70,04%. 6. Атырау облысы бойынша — 69,05%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 71,15%. 8. Жамбыл облысы бойынша — 83,99%. 9. Жетісу облысы бойынша — 89,69%. 10. Қарағанды облысы бойынша — 74,78%. 11. Қостанай облысы бойынша — 75,31%. 12. Қызылорда облысы бойынша — 88,09%. 13. Маңғыстау облысы бойынша — 70,61%. 14. Павлодар облысы бойынша — 69,99%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 75,14%. 16. Түркістан облысы бойынша — 90,17%. 17. Ұлытау облысы бойынша — 68,23%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 85,43%. 19. Алматы қаласы бойынша — 41,06%. 20. Шымкент қаласы бойынша — 71,89%.
