Қырғызстан Жогорку Кеңешінің депутаты жасы туралы өтірік айтып, ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен қыздарды жазалауды ұсынды, деп хабарлайды KaktusMedia-ға сілтеме жасаған astana24.com.
Басылымның мәліметінше, Жогорку Кеңеш депутаты Советбек Рустамбек уулу жасы туралы өтірік айтып, ер адамдармен қарым-қатынасқа түсетін жас қыздарды да жауапқа тарту керек деп мәлімдеді.
Ол отырыс барысында 16 жасқа толмаған кейбір қыз өзін "кәмелетке толғанбыз" деп айтатынын атап өтті.
"Осының кесірінен қаншама жас жігіт 15-18 жылға сотталып жатыр! Егер жігіттерді әдейі арандатқаны анықталса, қыздарды да жауапқа тарту керек. Мұндай заң жобасын әзірлеу қажет", – деп келтіреді депутаттың сөзін басылым.
Жогорку Кеңеш ресми сайтының дерегінше, Советбек Рустамбек уулу 2024 жылы "Ишеним" саяси партиясының тізімі бойынша депутат болып сайланған. Ол үйленген, бес баланың әкесі.
