Астана, Алматы мен Шымкентте 4 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 18 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін жетіп, түнде -7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,0 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр күтілуде. Күндіз термометр бағаны 18 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,9 м/с деңгейінде болмақ.
