in

Елімізде ветеринарлардың жалақысы артуы мүмкін: Құрылтайда заң жобасы мақұлданды

Құрылтай депутаттары ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген, деп хабарлайды astana24.com Құрылтайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылтайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде ветеринарларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, ауылдағы мамандардың жалақысы артады.

Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжат ветеринария саласын кешенді түрде жаңартуға бағытталған.

Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.

Атап айтқанда:

Сонымен қатар ветеринария саласында ветеринариялық палата түріндегі қоғамдық ұйым құрылады. Ол ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайды, олардың есебін жүргізеді және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.