in

Си Цзиньпин Тайвань аралын ел құрамына қосу Қытайдың тарихи міндеті екенін мәлімдеді

ҚХР төрағасы Тайваньмен ұлттық тұтастыққа қол жеткізу ниеті барын мәлімдеді және Қытай аралдағы сепаратистік әрекеттерге жол бермейтінін атап өтті, деп хабарлайды astana24.com "Известия"-ға сілтеме жасап.

Тайвань мәселесін шешу және елді біріктіру Қытайдың тарихи міндеті болып қала береді. Бұл туралы Си Цзиньпин Халық жиналысы үйінде мәлімдеді, деп жазады "Синьхуа" жариялаған мақалаға сілтеме жасаған "Известия".

Іс-шара Қытай Республикасының бірінші президенті Сунь Ятсеннің туғанына 160 жыл толуына арналды.

"Тайвань мәселесін шешу және толық ұлттық бірлікке қол жеткізу – Қытай Коммунистік партиясының мызғымас тарихи міндеті, бүкіл Қытай халқының ортақ ұмтылысы және қытай ұлтының ұлы өркендеуін жүзеге асырудың сөзсіз талабы", – деп атап өтті ҚХР төрағасы.

Қытай Тайвань тәуелсіздігін жақтаушылардың сепаратистік әрекеттеріне жол бермейді, деп мәлімдеді Си Цзиньпин.

"Бұғаздың екі жағалауындағы отандастар, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдегі бүкіл қытай халқы "Тайвань тәуелсіздігі" сепаратистік күштеріне қарсы тұру үшін күш біріктіріп, бұғаз арасындағы қатынастардың бейбіт дамуына және толық ұлттық бірлікке қол жеткізуге бірге жұмыс істеуге тиіс", – деп баса айтты ол.

Си Цзиньпиннің айтуынша, арал біріксе Пекин ондағы шынайы жағдайды, сондай-ақ оның тұрғындарының мүдделері мен сезімдерін ескеруге ниетті.