in

Алматыда бір көшенің қозғалыс сызбасы өзгерді: жүргізушілер нені ескеруі керек (видео)

Қалалық көлік басқармасы Алматы тұрғындары мен қонақтарына Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде қозғалыс сызбасы өзгергенін ескертті, деп хабарлайды astana24.com.

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы Instagram-дағы парақшасында Өтеген батыр көшесінің Төле би көшесі мен Райымбек даңғылы аралығындағы бөлігінде бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі пайда болғанын мәлімдеді.

"Енді жақын маңдағы тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жолдан қауіпсіз өте алады.

Сондай-ақ осы учаскеде жүргізушілерге кері бұрылуға рұқсат берілді. Бұл жол жүру қашықтығын қысқартып, бұрылу үшін үлкен қиылыстарға дейін бару қажеттілігін азайтады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден осы учаскеде мұқият болып, бағдаршам және жаңа жол белгілеріне назар аударуды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Управление транспорта (@almaty_transport)