Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирде Қазақстан құрамасы екі алтын алды, деп хабарлайды ҰОК.
Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің балуандары шықты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды.
Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) қарсылас шақ келтірмей, алтын тұғырға көтерілді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс 22 қарашаға дейін жалғасады.
