Кениялық желаяқ Перес Джепчирчир ұзақ мерзімге жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды astana24.com жеңіл атлетикадағы тәуелсіз тәртіптік және допингке қарсы органға (AIU) сілтеме жасап.
33 жастағы спортшының сынамасынан тыйым салынған қан допингі ретінде қолдануға болатын эритропоэтин (ЭПО) гормоны табылды.
Джепчирчир үш жылға жарыстардан шеттетілді. Шеттету мерзімі 2026 жылғы 20 қазаннан басталады. Оның 2026 жылғы 17 шілдеден бергі нәтижелері жойылды.
Джепчирчир – Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы. Ол марафон қашықтығында 2025 жылы әлем чемпионатының алтынын алды.
Ол "World Marathon Majors" сериясындағы марафондарда Нью-Йорк (2021), Бостон (2022) және Лондон (2024) қалаларында жеңіске жеткен. 2026 жылғы Сиднейдегі жеңісі жойылды.
Джепчирчирмен қатар тағы екі кениялық ұзақ қашықтыққа жүгіруші – Вероника Лолео (үш жылға) мен Рональд Корир (алты жылға) жарыстардан шеттетілді.
