in

Азия ойындары чемпиондарының сыйақысы артты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азия ойындары чемпиондарының сыйақысы артқанын айтты, деп хабарлайды astana24.com ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Азия ойындарының алтын жүлдегерлеріне берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға ұлғайтылды.

"Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары және халықаралық федерациялармен байланысты қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін беріледі", – деді министр.