Қазақ балуандары Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық турнирде екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды ҚР ҰОК-қа сілтеме жасаған astana24.com.
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері грек-рим күресінен өткен сында сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздардың бірі – 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Данияр Қанағатбек.
Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды Еркебұлан Анапия салды. Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың жеңімпазы атанды.
Таиландтағы халықаралық жарыс 22 қарашада аяқталады.
