in

Димаш Құдайберген Чилидегі концертінен видео жариялап, тыңдарманына алғыс айтты

Әнші Димаш Құдайберген Чилидегі алғашқы жеке концертіне келген көрерменге алғыс айтты. Ол кештің қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды astana24.com.

24 қарашада Чили астанасында Димаштың жеке концерті өтті. Жанкүйері үлкен әсер алды. Димаш желідегі тыңдарманына үндеу жасап, концерттен видео көрсетті.

"Рақмет, Чили. Барлығыңызды жақсы көремін", – деді әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

"Біз өзімізді шексіз бақытты сезіндік, бәрі өте керемет өтті, музыкаңыз үшін рақмет", "Керемет көрініс! Бақытты көрермен, бақытты әнші!", "Концерттегі атмосфера керемет – Dears нағыз сиқыр жасады. Біз сені мақтан етеміз және шексіз жақсы көреміз!", "Димашқа көрсеткен махаббатыңыз үшін көп рақмет, Чили, ол соған лайық", – деп жазды әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйер.