in

Азиада-2026: стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы қоржынға тағы бір күміс медаль салды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер командасы күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды astana24.com.

Ұлттық команда "скит" бәсекесінде екінші орын алды. Бағдарламаның бұл түрінен финалдық кезең үш күнге созылды.

Нәтижесінде Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева бастаған мергендер 336 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Олар тек 357 ұпаймен Азиада рекордын орнатқан Қытай өкілдеріне жол берді. Үздік үштікті Үндістан құрамасы (331 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, бұл – 33 жастағы Әсел Орынбайдың Азия ойындарындағы төртінші медалі. Ол Ханчжоу-2022 додасында екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Ал Зоя Пискун өткен Азия ойындарында бір рет чемпион атанған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында 14 медаль бар: алты алтын, үш күміс және бес қола.