in

Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев 2026 жылғы Азия ойындарының медалін жеңіп алды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

28 жастағы спортшы 50 метрден шағын калибрлі винтовкамен үш түрлі қалыпта (жатып, тізерлеп және тұрып) атудан үшінші орын алды. Ол финалда 348,3 ұпай жинады.

Тек Қытайдың екі өкілі одан жоғары нәтиже көрсетті. Бұл бағдарламада қазіргі Олимпиада чемпионы Лю Юкунь жеңіске жетті. Ол Азия ойындарының рекордын жаңартып, 360,5 ұпай жинады. Күміс жүлдені Чжан Чанхун (360,2) иеленді.

Бұл бағдарламада ел намысын қорғаған өзге екі қазақстандық финалға өте алмады. Константин Малиновский іріктеу кезеңінде 13-орын, Никита Шахторин 20-орын алды. Командалық есепте қазақстандық үштік үздік бестікті түйіндеді.

Ал Ислам Сәтпаев екінші рет Азия ойындарының жүлдегері атанды. Ханчжоу-2022 ойындарында ол Александра Лемен бірге 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден аралас жұптық сында қола медаль алған болатын. Дәл осы бағдарламада бұл жұп 2024 жылғы Париж Олимпиадасында да қола жүлдеге қол жеткізді.