in

Футболдан ӘЧ-2026: Норвегия бес дүркін әлем чемпиондарын үйіне қайтарды

Норвегия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилияны жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды astana24.com.

Командалар арасындағы кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы "Метлайф" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

Алғашқы голды ойынның 79-минутында шабуылшы Эрлинг Холанд соқты. 90-минутта ол дубль авторы атанып, есепті еселеді.

Ал Бразилия сапында ел тарихындағы үздік сұрмерген Неймар 90+10 минутта пенальтиді сәтті орындап, есепті қысқартқанымен, командасына жеңіс сыйлай алмады.

Айта кетейік, бірінші таймда да (14-минутта) оңтүстікамерикалық құраманың 11 метрлік айып добын соғуға мүмкіндігі болды. Алайда жартылай қорғаушы Бруно Гимарайнстың соққысын қақпашы Эрьян Нюланд қайтарды.

Осылайша, Норвегия құрамасы ширек финалға шығып, әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді. Келесі кезеңде олар Мексика құрамасымен кездеседі.

Норвегияның Бразилия құрамасынан жеңілмеген жалғыз команда екенін де айта кетейік. Өзара кездесуде скандинавиялықтар үш рет жеңіске жетіп, қалған екеуінде тең ойнаған.