Англия құрамасы Францияны ұтып, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды astana24.com.
Үшінші орын үшін матч Майами-Гардендегі "Хард Рок" стадионында өтіп, 6:4 есебімен аяқталды.
Англиялықтар бірінші таймда жауапсыз төрт гол соғып, алға шықты. Гол авторлары қатарында хавбек Деклан Райс (3), қорғаушы Эзри Конса (18) және дубль жасаған шабуылшы Букайо Сака (37, 45+1) бар.
Үзілістен кейін француздар үш голдың қарымтасын қайтарды. Шабуылшы Килиан Мбаппе дубль авторы атанса (48, 66), тағы бір голды вингер Брэдли Барколя (54) соқты.
Кейін Сака пенальтиді сәтті орындап, хет-трик жасады (87). Француздар шабуылшы Усман Дембеленің (90+6) голынан кейін есеп айырмасын тағы да қысқартты. Алайда матчтың соңғы нүктесін жартылай қорғаушы Джуд Беллингем (90+8) қойды.
Осылайша, Англия құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін олар 1966 жылы өз елінде өткен турнирде алтын медаль алған болатын.
Француздар 12 жыл ішінде алғаш рет жүлделі орындардан тыс қалды. Олар 2018 жылы Ресейде чемпион атанса, 2022 жылы Қатарда күміс жүлдеге ие болған еді.
