Қазақстан уақыты бойынша 20 шілде, дүйсенбіге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетеді. Ақтық сында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды astana24.com.
Футболдан әлем біріншілігінің финалы Нью-Йорк маңындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан "Метлайф" стадионында өтеді.
Кездесу 19-нан 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.
Матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы – 2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Жалпы команда үш рет әлем чемпионы болған.
Ал испаниялықтар өз тарихында бір рет ғана, 2010 жылы ОАР-да әлем чемпионы атанған.
2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі Англия құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен матчта олар Францияны 6:4 есебімен жеңді.
