in

Азиада-2026: қазақстандық байдаркашылар ел қоржынына тағы бір медаль салды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында байдарка және каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Ұлттық құрама 500 метр қашықтықтағы төрттік байдарка жарысында үшінші орын алды. Қазақстан намысын Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова және Эвелина Костенко қорғады.

Спортшылардың нәтижесі – 1 минут 37,005 секунд. Жарыста Қытай құрамасы жеңіске жетсе, өзбекстандықтар екінші орынға ие болды.

Бұл – Шмелёва мен Токарницкая үшін 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медаль. Бір күн бұрын олар жұптық байдарка жарысында күміс жүлдегер атанған еді.